logo
11 февраля 2021
Ресей құрамасы Беларусь командасын жеңді
«Parimatch 2021 Qazaqstan Hockey Open» турнирінің екінші матчында Ресей мен Беларусь құрамалары кездесті. Ойынның алтыншы минутында ресейлік хоккейшілер есеп ашып, Илья Морозов алғашқы голдың авторы атанды. Көп ұзамай, Алексей Торопченко ойын иелерінің үстемдігін еселеді. Екінші кезеңде Беларусь ойыншылары үш минут ішінде екі рет қақпаны алды, бұл тұста Иван Дроздов пен Игорь Мартынов көзге түсті. Есеп біршама уақыт теңескен күйінде қалып, Марат Хайруллин Ресейді алға шығарды. Үшінші кезеңде ресейлік ойыншылар көпшілік құрам ұйымдастырып, Рафаэль Бикмуллин шайба салды. Осылайша, матч 4:2 есебімен Ресейдің пайдасына шешілді. Матчтың үздік ойыншылары ретінде Ресей құрамасынан шабуылшы Алексей Торопченко, Беларусь құрамасынан – қақпашы Алексей Колосов танылды. Айтып өтетін жайт. Голкипер қақпаға бағытталған 49 соққыға тойтарыс берді. 1:0 - 05:30 Морозов (Мироманов, Торопченко) 2:0 - 12:57 Торопченко (Гуслистов) 2:1 - 27:56 Дроздов (Ковыршин, Стефанович) 2:2 - 30:11 Мартынов (Когалев) 3:2 - 33:31 Хайруллин (Шашков, Семёнов) 4:2 - 43:23 Бикмуллин (Семенов) ГБ БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ