logo
​Қазақстан құрамасы чемпионаттың топтық кезеңінің қорытындысы бойынша бесінші орын алды

Қазақстан құрамасы В тобында бесінші қатарға жайғасып, әлемдік біріншіліктегі ойынын аяқтады.

Ригадағы 2021 жылғы хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңінің матчтары аяқталды. Біздің команда 7 матчта 4 рет жеңіске жетіп, қоржынына 10 ұпай салып, тарихи жетістікке қол жеткізді. Жалпы есепте біздің құрама 10-шы қатарға табан тіреді. Бұған дейін ұлттық команда әлем чемпионаттарында осыншалықты биікке көтеріліп көрмеген болатын.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ