logo
Қазақстан құрамасы Швейцарияға есе жіберді
Швейцарияға қарсы матчта Қазақс тан құрамасының штабы құрамды өзгеріссіз қалдырды. Бірінші кезең 0:0 есебімен голсыз аяқталды, алайда аластату да болған жоқ. Екінші кезеңде швейцариялықтар екпінді үдетіп, екі шайба салды. Ойынның 46-шы минутында командамыз есеп айырмашылығын азайта алды, Джесси Блэкер дөп соққымен өзінің турнирдегі алғашқы голын тіпті кем құраммен салды. Кездесудің аяқталуына 4 минут қалғанда Даниэль Герцог өз командасының үстемдігін арттырды, көп ұзамай Валерий Орехов Қазақстанның екінші шайбасын салды. Матчтың үздік ойыншыларына марапаттарды ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев табыстады, біздің құрамадан бұл атақты қорғаушы Валерий Орехов алды.

Швейцария - Қазақстан 3:2 (0:0, 2:0, 1:1)
1:0 - 23:58 - Мальгин (Курашев, Сиегенталер) 
2:0 - 34:32 - Симион 
2:1 - 45:47 - Блэкер ГМ
3:1 - 55:39 - Герцог (Амбюль)
3:2 - 57:52 - Орехов (Михайлис, Волк) 
Қақпашылар: Эшлиманн - Шутов

Келесі матчты Юрий Михайлистің ойыншылары 19 мамыр күні Канадаға қарсы өткізеді. Кездесуді тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасы көрсетеді, Нұр-Сұлтан уақытымен 23:20-да басталады.
Фоторепортаж - мында

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ