logo
Қазақстан құрамасы Канадаға есе жіберді
Хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі төртінші ойынында Қазақстан құрамасы Канадамен кездесті. Матчта есепті біздің хоккейшілер ашты, өзінің турнирдегі алғашқы голын Егор Петухов салды. Канадалықтар араға минут салып есеп теңестірді де, қатарынан үш рет аластату алды. Біздің команда артық құрамды үшінші реттен жүзеге асыра алды, Аркадий Шестаков Қазақстан құрамасын алға шығарды. Алайда көп ұзамай, қарсылас тағы да есеп теңестіріп, артық құраммен салды. Екінші кезеңде Северсон айып орындығынан шығып, есепті 4:2 етті. Үшінші кезеңнің ортасында біздің хоккейшілер бір шайба сала алды, әлем чемпионатындағы екінші шайбасын Кирилл Савицкий дарытты. Одан кейін канадалықтар тағы екі рет артық құрам ұйымдастырып, матчты жеңіспен аяқтады. Есеп – 6:3. Матчтың үздік ойыншысы болып Аркадий Шестаков танылды.

Канада - Қазақстан 6:3 (3:2, 1:1, 2:0)
0:1 - 02:25 - Петухов (Гурков, Асетов)
1:1 - 03:45 - Козенс (Грейвс, Рой)
1:2 - 12:16 - Шестаков (Акользин, Панюков) ГБ
2:2 - 14:18 - Батерсон (Джонсон, Грейвс)
3:2 - 17:20 - Лори (Джонсон, Андерсон) ГБ
4:2 - 32:14 - Северсон (Грегор)
4:3 - 47:55 - Савицкий (Михайлис, Орехов)
5:3 - 51:58 - Козенс (Батерсон, Северсон) ГБ
6:3 - 59:11 - Козенс (Дюбуа, Северсон) ГБ
Қақпашылар: Томпсон - Шутов 
Келесі ойынды Юрий Михайлистің ойыншылары 20 мамыр күні Словакияға қарсы өткізеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 23:20-да басталады. Тікелей көрсетілім QAZSPORT телеарнасында жүреді.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ