logo
Қазақстан құрамасы Германияға жол берді
Хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңінің матчында Қазақстан құрамасы Германияға қарсы ойнады. Бірінші кезеңде біздің хоккейшілер екі рет есеп бойынша алға шықты, есепті Роман Старченко ашты, одан кейін Егор Петухов көзге түсті. Араға бір минут салып, қарсылас есеп теңестіріп, жиырма минуттың соңында 3:2 есебімен алға шықты. Екінші кезеңде немістер төртінші шайбасын үшке бес ойнап салып, үстемдігін арттырды. Екінші ойын кезеңінің соңғы минутында Павел Акользин есеп айырмашылығын азайтып, үшінші кезеңде Никита Михайлис есеп теңестірді. Алайда ойынның 48-минутында Ясин Элис өз командасын алға шығарып, матчтың нүктесін қойды.
Өткен кездесудің Қазақстан құрамасы құрамынан үздік ойыншысы болып шабуылшы Павел Акользин танылды.

Қазақстан - Германия 4:5 (2:3, 1:1, 1:1)
1:0 - 02:57- Старченко
1:1 - 04:38 - Мюллер (Биттнер, Карачун)
2:1 - 15:46 - Петухов (Асетов, Данияр См.)
2:2 - 16:10- Пфёдерль (Зайдер)
2:3 - 18:33 - Фишбух (Вагнер, Зайдер)
2:4 - 25:31 - Райхель (Гаванке, Нёбельс) ГБ
3:4 - 39:29 - Акользин (Старченко, Данияр См.)
4:4 - 40:38 - Михайлис (Сагадеев, Метальников)
4:5 - 47:08 - Элис (Виссманн, Биттнер)
Қақпашылар: Шутов – Штральмайер

Әлем чемпионатының қорытынды матчын Юрий Михайлистің ойыншылары ертең Италияға қарсы өткізеді. Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:20-да басталады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ