logo
13 ноября 2022
Қазақстан құрамасы (U20) Ресейге жол берді (U20)

«Лига Ставок Кубок Будущего» турнирі аясында Қазақстан жастар құрамасы ресейлік қатарластарына қарсы алғашқы матчты өткізді. Қарсыластар екі жылдам гол салды, бір голға жауап берудің сәті туды – Артем Авдеенко шайба салды. Алайда әрі қарай ойын ресейлік хоккейшілердің уысына болып, олар тағы төрт гол салды. Нәтижесінде 6:1 – жеңіс Ресейдікі.

Қазақстан құрамасы құрамынан үздік ойыншы қақпашы Антон Осокин болды.

Ресей U20 - Қазақстан U20 - 6:1- (3:1, 2:0, 1:0)

1:0 - 02:39 - Мамаладзе (Осипов, Кателевский)

2:0 - 03:01 - Мичков (Кузьмин, Квочко) ГБ

2:1 - 11:46 - Авдеенко

3:1 - 18:34 - Кателевский (Бусыгин, Цулыгин)

4:1 - 21:34 - Лазутин (Варлаков, Коромыслов)

5:1 - 38:29 - Чибриков

6:1 - 54:20 – Бучельников

Қақпашылар: Иванов - Осокин

Турнир аясындағы келесі матчты Қазақстан жастар құрамасы 14 қараша күні Белоруссия командасына қарсы өткізеді. Кездесуді тікелей эфирде Insport телеарнасы көрсетеді, көрсетілім Астана уақытымен 18:00-де басталады.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ