logo
2 декабря 2022
Қазақстан құрамасы U-20 ӘЧ алдында Даниямен ойнайды

29 қараша күні Астанада Норвегияның Аскер қаласында 11-17 желтоқсан аралығында өтетін 1А дивизиондағы әлем чемпионаты алдында хоккейден Қазақстан жастар құрамасының ОЖЖ басталды. Топ-дивизионға жолдама үшін біздің хоккейшілер Дания, Франция, Норвегия, Венгрия және Словения командаларымен тартысады. 3 желтоқсан күні команда жиындардың қорытынды кезеңіне Норвегияға аттанады, онда 8 желтоқсан күні Дания командасына қарсы бақылау матчын өткізеді. Кеңейтілген құрамға 28 хоккейші – 25 алаң ойыншысы мен 3 қақпашы кіреді. 10 желтоқсан күні бапкерлер штабы әлем чемпионатына аттанатын түбегейлі құрамды жария етеді.

Астанадағы жиындар аясында жастар құрамасының ойыншылары екіжақты матчтар өткізді. Назарларыңызға өткен жаттығудан фотоесеп ұсынамыз.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ