logo
20 января 2023
Қазақстан құрамасы Универсиаданың жартылай финалында Канадамен ойнайды
Лэйк-Плэсидтегі қысқы Универсиаданың хоккей турнирі аясында топтық кезеңнің матчтары аяқталды. В тобында АҚШ командасы бірінші орын иеленді, біздің құрама екінші қатарға жайғасты. А тобының көшін Канада бастап тұр, турнирдің негізгі бөлігіне екінші қатардан Жапония шықты. Осылайша, жартылай финалда біздің хоккейшілер Канадамен, АҚШ Жапониямен кездеседі.
Канада – Қазақстан кездесуі қаңтардың 21-інен 22-сіне қараған түні Астана уақытымен 00:05-те басталады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ