Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатына дайындықты жалғастырады. ОЖЖ аясында Сергей Старыгиннің ойыншылары «Снежные барсы» командасына қарсы бақылау матчын өткізді. Матч 5:2 есебімен «барыстардың» пайдасына шешілді. Еске сала кетейік, 16 сәуір күні Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Францияға аттанып, онда 23 сәуір күні бірінші дивизионның А тобында әлем чемпионатының алғашқы матчын Венгрия командасына қарсы өткізеді, команда элиталық дивизионның жалғыз жолдамасы үшін тартысады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ