Хоккейден Қазақстан құрамасы «Барыс Аренада» әлем чемпионатына дайындықты жалғастыруда. Оқу-жаттығу жиындары аясында команда екіжақты матч өткізді. Кеңейтілген құрам екі командаға – «ақтар» мен «көктерге» бөлінді.
Жеңіске 5:0 есебімен «Көктер» командасының ойыншылары жетті. Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Андрей Буяльский, Валерий Орехов пен Максим Мусоров шайба салды. «Ақтар» екі голмен жауап берді, Олег Бойко мен Әлихан Әсетов көзге түсті.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының В тобында өнер көрсетіп, онда Латвия, Словакия, Чехия, Канада, Швейцария, Словения және Норвегия командаларымен ойнайды. 5 және 7 мамыр аралығында Астанада ұлттық команда 1XBET Qazaqstan Hockey Open аясында Ресей және Беларусьпен ойнайды.
Билеттер TIKETON сайтында онлайн түрде қолжетімді. Турнирдің барлық матчтарын тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасы көрсетеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ