Астанада Қазақстан құрамасының ОЖЖ жалғасуда, хоккейшілер Чехиядағы әлем чемпионатына дайындалуда. Ойыншылардың кеңейтілген тізімі толық құрамда жаттығуда, ҚХЛ чемпиондары – Никита Михайлис, Валерий Орехов және Максим Мухаметов келеді деп күтілуде.
Күні кеше құраманың екіжақты матчы өтті, команда «көктер» мен «ақтарға» келесі құрамда бөлінді:
КӨКТЕР:
Қақпашылар: Бояркин, Кудрявцев
Бекетаев – Метальников, Старченко – Шестаков – Рымарев
Гайтамиров – Королев, Панюков – Бойко – Рахманов
Кеңесбай – Сүлейменов, Әсетов – Лихотников – Борисевич
АҚТАР:
Қақпашы: Андрей Шутов
Данияр – Бреус, Савицкий – Өмірбеков – Мұратов
Диханбек – Бутенко, Мусоров – Шульга – Оспанов
Полохов – Никитин, Александров – Маңғысбаев – Қайыржан
Матч 6:1 есебімен «көктердің» жеңісімен аяқталды. Жеңімпаздар құрамынан Роман Старченко дубль жасады, сондай-ақ Әлихан Әсетов, Александр Борисевич, Олег Бойко мен Хақназар Кеңесбай бір-бір шайбадан салды. «Ақтар» үшін жалғыз голды Кирилл Савицкий салды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ