logo
25 апреля 2025
Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатына дайындық аясында екіжақты матч өткізді

Қазақстан ұлттық құрамасы Даниядағы әлем чемпионаты мен 1XBET Qazaqstan Hockey Open турниріне дайындықты жалғастыруда. Бүгін кеңейтілген құрам хоккейшілері ақтар мен көктерге бөлініп, «Барыс» ойыншыларымен бірге екіжақты матч өткізді.

Ақтар командасының құрамы:

Қақпашы: Кудрявцев

Бекетаев – Данияр, Панюков – Лихотников – Әсетов

Бреус – Гайтамиров, Рымарев – Өмірбеков – Савицкий

Жүсіпбеков – Диханбек, Тютюньков – Ляпунов – Симонов

Своеволин

Көктер командасының құрамы:

Әмірбеков

Орехов – Метальников, Михайлис – Шестаков – Волков

Александров – Михайлов, Қайыржан – Мұхаметов – Мұратов

Королев – Оразов, Оспанов – Чапоров – Колесников

Матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ақтар құрамынан – Александр Своеволин, Көктер құрамынан Батырлан Мұратов шайба салды. Матчтан кейінгі буллиттер сериясында Ақтар командасы жеңді, буллиттерді Кирилл Савицкий мен Әділ Бекетаев салды, көктерден Аркадий Шестаков салды.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ