logo
8 мая 2021
Хоккейден Қазақстан құрамасы үшінші екіжақты матч өткізді

Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындық аясында топ-дивизионда үшінші екіжақты матч өткізді.

Командалар «көктер» мен «ақтар» болып бөлінді. «Ақтардың» құрамында бірінші кезеңде шайбаны Әлихан Әсетов пен Кертис Волк салды. Екінші кезеңде Антон Сагадеев есепті 2:1 етіп, айырмашылықты азайтты. Алайда көп ұзамай, Дмитрий Степанов, Виктор Сведберг пен Артем Лихотников «ақтардың» үстемдігін арттырып, есепті 5:1 етті.

Команда құрамдары келесідей болды.

«Көктер»:
Қақпашылар: Карлссон, Еремеев
Қорғаушылар: Маклюков, Ибрайбеков, Диц, Шалапов, Бекетаев, Метальников, Писарев
Шабуылшылар: Старченко, Рымарев, Акользин, Сагадеев, Рахманов, Шевченко, Гренц, Шин, Данияр Сн.,
Ақтар:
Қақпашылар: Бояркин, Шутов
Қорғаушылар: Степаненко, Сведберг, Полохов, Данияр См., Орехов, Степанов
Шабуылшылар: Асетов, Михайлис, Савицкий, Шестаков, Лихотников, Гурков, Панюков, Волк, Петухов.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ