logo
10 mamyr 2022
Қазақстан құрамасы екінші бақылау матчында жеңіліске ұшырады

Латвиямен екінші матчта бастапқы құрам өзгерді. Осылайша қақпаға Илья Румянцев шықты, сонымен қатар тізімде Дмитрий Гренц, Саян Данияр, Әділ Бекетаев пайда болды. Матчтың бірінші кезеңінде тағы да аластатулар сүріндірді, қарсыластың хоккейшілері артық құраммен есеп ашты, одан кейін тағы екі гол салды. Бір шайбаны ойынның екінші кезеңінің басында салуға мүмкіндік туды, артық құраммен Никита Михайлис гол салды. Одан кейін алаң иелері тағы екі шайба салып, екінші бақылау кездесуінде жеңіске жетті.

Латвия - Қазақстан 5:1 (3:0, 1:1, 1:0)

1:0 - 01:51 - Букартс Ро. - ГБ

2:0 - 12:30 - Кулда

3:0 - 16:42 - Крастенбергс

3:1 - 20:47 - Михайлис (Данияр См., Волк) - ГБ

4:1 - 34:18 - Дзиеркалс (Якс)

5:1 - 57:02 - Аболс (Елисеевс, Якс) ГБ

Қақпашылар: Мерзликинс - Румянцев

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ