Қазақстан құрамасы ӘЧ алғашқы матчында жеңіліске ұшырады

Хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы матчын Қазақстан құрамасы Дания командасына қарсы өткізді. Алғашқы минуттардан-ақ қарсылас алға шығып, кездесудің алғашқы бес минутында 3 шайба салды. Есеп 5:0 болған кезде қақпада Андрей Шутовты Илья Румянцев алмастырды. Мұнан кейін біздің қақпаға тағы төрт шайба дарыды. Кездесудің соңында Қазақстан құрамасының турнирдегі алғашқы шайбасын Кирилл Савицкий салды. Команда құрамынан үздік ойыншы болып қорғаушы Самат Данияр танылды.
Дания – Қазақстан - 9:1 (3:0, 4:0, 2:1)
1:0 – 02:03 – Бьоркстранд (Бау, Ларсен)
2:0 – 03:59 – Шил
3:0 – 04:51 – Бликфелд (Эллер, Лауридсен)
4:0 – 22:26 – Шторм (Эллер, Енсен Е.)
5:0 – 26:22 – Якобсен (Огард)
6:0 – 29:54 – Бликфелд (Эллер, Лауридсен) ГБ
7:0 – 39:36 – Ларсен (Бау, Лауридсен)
8:0 – 40:43 - Регин (Лауридсен, Сторм)
9:0 – 50:03 - Бликфелд (Лауридсен, Бау) ГБ
9:1 - 58:37 - Савицкий (Шестаков) ГМ
Қақпашылар: Дам – Шутов (Румянцев, 26:22-60:00)
Келесі матчты Юрий Михайлистің ойыншылары ертең Францияға қарсы өткізеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:20-да басталады. Көрсетілім QAZSPORT телеарнасының тікелей эфирінде жүреді.
Фото: Ольга Бугаева
ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ