logo
​Қазақстан құрамасы АҚШ-тан жеңілді

АҚШ-пен матчқа Юрий Михайлис топтар үйлесімін өзгертті, бастапқы шабуылшылар үштігінде Старченкомен бірге Панюков пен Шевченко шықты, Шин мен Рымарев үшінші құрамда Шестаковпен бірге шықты. Ойыннан аластатылған Сведбергтің орнына матчқа Валерий Орехов араласты, бұл матч қорғаушының дебюттік ойыны.

Қарсыластың хоккейшілері алғашқы минуттан-ақ ойынды жоғары қарқынмен бастап, шайбаға иелік етті. Жылдам ауысып, қарсы аймаққа кіріп, соққылар бағыттап отырды. Америкалықтар матчтың 7-минутында есеп ашты. Голдың авторы – Адам Кленденинг. Диц аластатылғаннан кейін Бояркиннің қақпасының алдында жойқын тартыстар болды, алайда қазақстандық қақпашы төтеп берді. Бірінші кезеңде америкалықтар 8 соққыға қарсы 25 соққы жіберді. АҚШ хоккейшілері әрі қарай тықсырып, екінші кезеңнің 2-минутында есепті еселеді. Біздің команданың көпшілік құрамда оңтайлы сәттері болды, алайда жүзеге аспады. Үшінші кезеңде есеп 3:0 болып, АҚШ-тың пайдасына шешілді: Джек Друри көк сызықтан салды. Нәтиже – 3:0, жеңіс АҚШ-тікі. Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Біздің команда құрамынан үздік ойыншы шабуылшы Кертис Волк болды.

АҚШ – Қазақстан 3:0 (1:0, 1:0, 1:0)

1:0 – 06:57 – Кленденинг

2:0 – 21:33 – Мур

3:0 – 41:58 - Друри

Қақпашылар: Бояркин - Питерсен

Фото: Ольга Бугаева

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ