Хоккейден әлем чемпионатындағы өзінің бесінші матчында Қазақстан құрамасы Канадамен ойнады. Қарсыластың қоржынында бір ғана жеңіс, ал Қазақстан В тобының турнир кестесінде 4-қатарда келе жатқан. Бұл матчта Қазақстан қақпасын Андрей Шутов күзетті. Сондай-ақ Саян Данияр өз дебютін жасады. Иван Степаненко матчтан аластатылып, өткізіп алды, Евгений Рымарев те бүгінгі ойынға қатыспады.
Матчтың алтыншы минутында канадалықтар көпшілік құраммен гол салып, есеп ашты. Бастапқыда Эндрю Манджапаненің қақпа маңындағы қарбаласта салынған голын есепке алмағанымен, бейнеқайталаудан кейін төрешілер голды есепке алатындарын мәлімдеді.
Екінші ойын кезеңінің басында номиналдық қонақтар үстемдіктерін еселеді, гол Адам Хенрикке тиесілі. Үш минуттан кейін Никита Михайлис қарсы шабуылда бұзып-өтіп, есеп айырмашылығын азайтты – 1:2. Үшінші кезең басталарда Қазақстан құрамасының 10-шы нөмірлі ойыншысы Кертис Волктың берген пасын пайдаланып, дубль жасады. Ойынның 48-минутында канадалықтар тағы да есеп бойынша алға кетті, үшінші голды Коул Перфетти салды. Кездесудің аяқталуына бір минут 15 секунд қалғанда Юрий Михайлис қақпашыны алып тастады, алайда гол салуға мүмкіндік болмады. Ойын аяқталарға үш секунд қалғанда, Коннор Браун шайбаны бос қақпаға аттандырды. Қазақстан құрамасы Канададан 2:4 есебімен жеңілді.
Біздің команда құрамынан үздік ойыншы шабуылшы Никита Михайлис болды.
Қазақстан – Канада 2:4 (0:1, 1:1, 1:2)
0:1 – 06:03 - Манджапане ГБ (Хенрик, Браун)
0:2 – 21:01 – Хенрик (Пауэр, Манджапане)
1:2 – 24:30 - Михайлис
2:2 – 41:31 - Михайлис (Волк, Савицкий)
2:3 – 47:40 – Перфетти (Андерсон-Долан)
2:4 – 59:57 – Браун (Хенрик)
Фото: Ольга Бугаева
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ