logo
Қазақстан құрамасы Франциядан жеңілді
Хельсинкиде өтіп жатқан хоккейден әлем чемпионатындағы екінші матчында Қазақстан құрамасы Франциямен кездесті. Бірінші кезеңде командамыз Валерий Ореховтің арқасында есеп ашты. Алайда ойынның екінші кезеңінде қарсылас есеп теңестіріп, кейін Джесси Блэкердің аластатылуынан кейін кезең соңында тағы бір гол салды. Үшінші кезеңде тартыс жалғасты, алайда Юрий Михайлистің ойыншылары ойынды овертаймға айналдыра алмады.

Қазақстан құрамасы құрамынан өткен кездесудің үздік ойыншысы голкипер Андрей Шутов болды.

Франция – Қазақстан 2:1 (0:1, 2:0, 0:0)
0:1 – 05:08 – Орехов (Михайлис, Блэкер)
1:1 – 32:31 – Тексье (Галле)
2:1 – 39:35 – Шакиашвили (Тексье, Бозон) ГБ
Қақпашылар: Бюссе – Шутов

Келесі матчты ұлттық команда 17 мамыр күні Швейцарияға қарсы өткізеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 23:20-да басталады. Ойынды тікелей эфирде QAZSPORT телеарнасы көрсетеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ