logo
2 февраля 2023
Қазақстан құрамасы – IIB дивизиондағы жасөспірім қыздар ӘЧ-2023 жеңімпазы
IIB дивизиондағы жасөспірім қыздар әлем чемпионатының соңғы матчында Қазақстан құрамасы Исландияға қарсы сенімді түрде жеңіске жетті. Біздің хоккейшілер 7 шайба салды: София Зубкова хет-трик, София Раковская дубль жасады, сондай-ақ Мадианна Нүсіпова мен Анастасия Филимонова да көзге түсті. Осылайша біздің хокейші қыздар 5 матчтың бесеуінде жеңіске жетіп, алтын алды. Турнир қорытындысы бойынша біздің команда келесі жылы екінші дивизионның А тобында өнер көрсетеді.

Қазақстан – Исландия 7:0 (2:0, 4:0, 1:0)
1:0 – 15:30 – Зубкова
2:0 – 18:36 – Зубкова
3:0 – 21:09 – Нусупова (Яковлева) ГБ
4:0 – 27:56 – Филимонова
5:0 – 33:38 – Раковская
6:0 – 36:58 – Зубкова
7:0 – 57:32  – Раковская (Хохлова)
Қақпашылар: Прицкер - Бачман
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ