Олимпиадаалды іріктеу алдында Қазақстан құрамасы чехиялық «Pirati» командасымен жолдастық матч өткізді. Есепті біздің құраманың хоккейшілері ашты, гол Максим Мухаметовтің есебінде, алайда алаң иелері кезеңнің соңына қарай бір шайба үстемдікпен алда келе жатты. Екінші кезеңнің соңына қарай Артем Лихотников есеп теңестірді, Роман Старченко артық құраммен гол салып, команданы алға шығарды. Үшінші кезеңде Никита Михайлис командамыздың үстемдігін арттырды. Осылайша, Қазақстан құрамасы жолдастық матчта 4:2 есебімен жеңіске жетті.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ