Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындық аясында өзінің алғашқы жолдастық матчын өткізді. Қарсыласы – Оңтүстік Корея. Ойынның алғашқы минуттарында есепті Роман Старченко ашты, екінші кезеңде Тамирлан Гайтамирова үстемдікті еселеді, ал араға үш минут салып Аркадий Шестаков үшінші шайбаны салды. 42 минутта Дмитрий Гренц есепті 4:0 етті.
Қазақстан – Оңтүстік Корея (1:0, 2:0, )
1:0 – 02:38 – Старченко (Орехов)
2:0 – 31:52 – Гайтамиров (Бекетаев, Рымарев)
3:0 – 34:43 – Шестаков (Орехов, Рымырев) ГБ
4:0 – 41:51 – Гренц (Михайлис)
Қақпашылар: Шутов – Ли
Ғалым Мәмбеталиевтің ойыншылары Оңтүстік Корея құрамасымен екінші жолдастық матчын 24 сәуір күні өткізеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ