ҚР Президенті кубогі аясындағы өзінің екінші матчында Қазақстан құрамасы «Барыспен» кездесті. Бірінші кезеңде есепті Эдуард Михайлов ашты, екінші кезеңнің алғашқы минутында құраманың үстемдігін Кирилл Панюков арттырды. Ойынның үшінші кезеңіне аяқ басқанда Қазақстан хоккейшілері үш шайба алда келе жатты, үшіншісін Әлихан Әсетов салды.
ҚР Президенті кубогінің келесі матчын Олег Болякиннің ойыншылары 17 тамыз күні сенбіде «Амурға» қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 13:00-де басталады.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ