logo
​Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне жетті!

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы матчын Латвия командасына қарсы өткізді.

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы матчын Латвия командасына қарсы өткізді. Алаң иелері канадалықтарды 2:0 есебімен жеңген болатын. Бірінші кезеңде командалар өзара шабуылдар жасады, алайда есеп ашылмады. Қызықтың бәрі екінші кезеңде басталды: есепті алаң иелері ашты, 28-ші минутта Лаурис Дарзиньш гол салды. Екінші кезеңнің аяқталуына екі минут қалғанда қарсыластың ойыншысы алаңнан аластатылып, мұны біздің хоккейшілер ұтымды пайдаланды. Диц Старченкоға шайба беріп, капитан оны Шинға жолдап, Шин кезеңді 1:1 етіп аяқтады. Үшінші кезеңде латвиялықтар тағы да алға кетті, алайда араға бірнеше секунд салып, біздің хоккейшілер есепті теңестірді, гол Джесси Блэкерге тиесілі. Ойын овертаймға ауысып, қосымша уақытта жеңімпазды анықтау мүмкін болмады. Матчтан кейінгі буллиттер сериясында жеңіс сыйлаған соққыны Евгений Рымарев жасады. 3:2 – жеңіс Қазақстан құрамасынікі!

Латвия - Қазақстан – 2:3 (0:0, 1:1, 1:1, 0:0, 0:1)
1:0 – 27:44 – Дарзиньш (Даугавиньш)
1:1 – 38:59 – Шин (Старченко, Диц) ГБ
2:1 - Букартс (Цибульскис) - 45:25
2:2 - Блэкер (Сведберг, Сагадеев) - 45:37
2:3 - Рымарев - 65:00 Б
Қақпашылар: Кивлениекс - Бояркин

Фото: Ольга Бугаева

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ