logo
31 мая 2024
Қазақстан құрамасы ИИХФ рейтингісінде 15-орында

Хоккейден әлем чемпионаты аяқталысымен Халықаралық хоккей федерациясының (ИИХФ) рейтингісі жаңартылды. Қазақстан құрамасы 15-орнын сақтап қалды. Австрия үш позицияға көтеріліп, 13-орынға табан тіреді. 4 пунктке Чехия көтерілді, құрама чемпиондықты жеңіп алып, 4-орынды иеленді, күміс жүлдегерлер – швейцариялықтар 7-ден 5-орынға көтерілді. Рейтингті бұрынғыша Канада бастап тұр, Ресей екінші орында, ал Финляндия үшінші орында. ИИХФ рейтингісінде барлығы 58 ел бар.

Қыздар құрамаларының рейтингісінде біздің ел бір қатарға төмендеп, қазір 23-орында тұр.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ