logo
Қазақстан құрамасы словакиядан бір ұпай айырмашылығымен жеңілді
Хоккейден әлем чемпионатының топтық кезеңінде Қазақстан құрамасы өзінің бесінші матчын Словакияға қарсы өткізді. Есепті біздің хоккейшілер ашты, Кирилл Панюков артық құраммен кері ұшқан шайбаны қақпаға дөп түсірді. Үш минуттан кейін қарсылас есеп теңестірді, алайда екінші кезеңде тағы аластатылып, шайба өткізіп алды. Бұл жолы турнирдегі өзінің алғашқы голын Дмитрий Шевченко салды. Алайда бұдан кейін Павел Акользин бесминуттық айып алып, словактар Қазақстан қақпасына екі рет шайба дарытты. 35-минутта төрешілер Шутовтың қақпасына буллит тағайындап, ол іске асырылды. Біздің команда үшінші кезеңнің басында бір шайба сала алды, Кирилл Панюков дубль жасады. Кезеңнің ортасында словактардың екпіні күшейе түсті. Алайда қазақстандықтар соңына дейін төтеп беріп, есеп теңестіре алмады. Есеп – 3:4. Қазақстан құрамасы құрамынан үздік ойыншы Кирилл Панюков болды.

Қазақстан - Словакия 3:4 (2:1, 0:3, 1:0)
0:1 - 12:12 - Коллар (Такач)
1:1 - 15:17 - Панюков (Блэкер, Орехов) ГБ
2:1 - 17:52 - Шевченко (Старченко, Волк) ГБ
2:2 - 29:47 - Фехервары (Лишка, Слафковски) ГБ
2:3 - 33:18 - Лишка (Кристоф, Гуска) ГБ
2:4 - 34:26 - Слафковски Б
3:4 - 43:32 - Панюков (Орехов)

Қақпашылар: Шутов – Гуска
Келесі матчты Юрий Михайлистің ойыншылары 22 мамыр күні Германия командасына қарсы өткізеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ