ИИХФ-ның жыл сайынғы конгресінде хоккей командаларына арналған Қысқы жасөспірімдер олимпиадасының бағдарламасы таныстырылды. Жарыс Оңтүстік Кореяның Канвон провинциясында 2024 жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында өтеді. Бағдарламада алғаш рет 3х3 хоккей турнирі өткізіліп, оған Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы қатысады. Біздің команданың қарсыластары Дания, Латвия, Австрия, Польша, Ұлыбритания, Испания және Қытайлық Тайбэй болмақ.
Қыздар арасындағы турнирде Корея, Венгрия, Италия, Нидерланд, Австрия, Қытай, Түркия және Мексика өкілдері өнер көрсетеді.
ЖОО аясындағы 3х3 хоккей турнирі 2024 жылдың 20 және 25 қаңтары аралығында өтеді.
Канвон-2024 – Азия континентінде өтетін алғашқы қысқы жасөспірімдер олимпиадасы.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ