Беларусь құрамасы – турнир жеңімпазы, Гайтамиров – үздік қорғаушы

Астанада 1XBET Qazaqstan Hockey Open халықаралық турнирі аяқталды. Беларусь құрамасы екі матчта жеңіске жетіп, турнир жеңімпазы атанды. Екінші орында – Ресей құрамасы, үшінші орында – Қазақстан командасы.
Қазақстан – Беларусь матчының үздік ойыншысы голкипер Максим Павленко, қарсыластан үздік шабуылшы Александр Скоренов болды.
Сонымен қатар өз амплуасы бойынша үздік ойыншылар анықталады. Қорғаушылар арасынан құрметті атақты Тамирлан Гайтамиров алды. Бомбардир және сұрмерген – Беларусь командасынан Александр Скоренов. Ал оның командаласы Иван Кульбаков турнирдің үздік қақпашысы болды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ