logo
1 мая 2022
«Сарыарқа» – Қазақстан чемпионы

Pro Ligasy плей-оффының финалдық сериясында чемпион тек жетінші матчта анықталды. «Сарыарқа» өз алаңында «Арланды» 5:2 есебімен жеңді. Осылайша қарағандылықтар екінші жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атағын жеңіп алды, көкшетаулық клуб тағы да күміс жүлдегер атанды. Салтанатты марапаттау салтанатына Қазақстан хоккей федерациясының Президенті Асқар Мәмин және Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек қатысты.

Сонымен қатар маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан чемпионатының үздік ойыншыларына анықталыд:

Үздік қақпашы – Илья Румянцев («Арлан»)

Үздік қорғаушы – Эдгарс Сиксна («Сарыарқа»)

Үздік шабуылшы – Михаил Рахманов («Сарыарқа»)

Үздік жас ойыншы – Иван Зинченко («Ақтөе»)

Финалистер құрамынан әлем чемпионатындағы Қазақстан құрамасының үміткер қатысты: Саян Данияр, Михаил Рахманов, Эмиль Нұрғалиев, Кирилл Полохов («Сарыарқа»), Илья Румянцев («Арлан»).

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ