logo
5 февраля 2024
SAMRUK BALA CUP. 24 ауылдық команда балалары турнир жарысын бастады

Астанада ауылдық балалар-жасөспірімдер командалары арасындағы шайбалы хоккейден ел тарихындағы алғашқы республикалық турнир – SAMRUK BALA CUP жарыстары басталды. Жарысқа Қазақстан Республикасының ауылдық елдімекендері және/немесе аудандық маңызы бар ауылдар/қалалар тұрғындары қатарынан барлығы 24 команда, 300-ден астам бала мен жаттықтырушылар қатысады.

Жабылу және марапаттау салтанаты 2024 жылдың 06 ақпанында сағат 16:30-да өтеді. Турнир «Cross Ice» форматының ережелеріне сай өтеді. Бұл – бас демеушісі «Samruk-Kazyna-Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болып табылатын «ALTYN SHAIBALY» жобасы аясында жоспарланған балалар турнирлері сериясының екінші турнирі. Жобаның миссиясы – балалардың хоккейге деген қызығушылығын арттыру және ауылдық балалар-жасөпірімдер хоккейін Қазақстан Республикасында кеңінен насихаттау және дамыту. Турнир қонақтары «Samruk-Kazyna» АҚ, Астана қаласы әкімдігі, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі, «Қазақстанның хоккей федерациясы» РҚБ, «Қазақстан спортшылар одағы» РҚБ өкілдері болмақ.

Ашылу салтанатына «100 ауыл» әлеуметтік-қайырымдылық жобасының бастамашысы әрі авторы, күш көрсеткіші бойынша төрт дүркін әлем рекордшысы, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің ресми амбассадоры – Сергей Цырульников қатысты.

Сондай-ақ қатысушыларға 3х3 шайбалы хоккейден 2024 жылғы Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегерлері келеді.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ