logo
23 апреля 2025
Сәкен Мұсайбеков қысқы спорт түрлері бойынша ҰОК вице-президенті болып сайланды
Бүгін 23 сәуір күні Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас ассамблеясында Атқарушы комитеттің жаңартылған құрамы жасақталды. Іс-шара қатысушылары сонымен қатар ұйымның Жарғысына енгізілетін өзгерістерді талқылап, жаңа мүшелерді қабылдады.
Іс-шараға Қазақстанның ҰОК президенті Геннадий Головкин, туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев және Ұлттық спорт федерацияларының өкілдері қатысты.
Бас ассамблеяның қорытындысы бойынша Атқарушы комитеттің жаңартылған құрамы бекітілді: Қазақстанның хоккей федерациясының бас директоры Сәкен Мұсайбеков ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің олимпиадалық қысқы спорт түрлері бойынша вице-президенті атанды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ