Туған күніңізбен, Асқар Ұзақбайұлы!

23 қазанда Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Ұзақбайұлы Мамин туған күнін атап өтеді.
Асқар Ұзақбайұлының басшылығымен Федерация отандық хоккейді дамыту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастырып келеді. Балалар мен жасөспірімдер хоккейінің географиясы кеңейіп, клубтық инфрақұрылым нығайып, әйелдер және жастар хоккейі дамуда, спортшыларды даярлау жүйесі жетілдірілуде.
Ұлттық құрамаларға резерв даярлауға, өңірлердегі хоккейді дамытуға және Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясын нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді.
Қазақстан хоккей федерациясы Асқар Ұзақбайұлын туған күнімен құттықтап, елімізде хоккейді дамыту мен дәріптеуге қосып жүрген үлесі үшін алғыс білдіреді.
Асқар Ұзақбайұлына зор денсаулық, амандық және қазақстандық спорттың игілігі жолындағы жұмысына толағай табыс тілейміз!
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ