logo
12 декабря 2023
Руслан Оспанов: «Жақсы камбек жасадық»
Даниямен матчта Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы жеңіс голының авторы Руслан Оспанов болды. Ойыннан кейін форвард ҚХФ баспасөз қызметінің сұрақтарына жауап берді:
- Өте ауыр ойын, жақсы камбэк жасадық. Команда жұдырықтай жұмылып ойнадық. Жігіттерге көп рақмет.
- Өз шайбаңды кімге арнадың?
- Әрине, отбасыма, бүкіл Қазақстанға, жігіттерге. Біздің жеңуімізге көмектескен Жаратушыға алғыс.
- Трибуналардан сіздерді қалай қолдағанын естідің бе? Әсіресе, сендер есеп теңестіргенде шулап кетті.
- Иә, қатты қуандық. Жанкүйерлеріміз көп болды, олар бізді шабыттандырады, ойындарымызға келіп жүргендеріне алғыс айтамыз.
- Алда демалыс күні, келесі ойынға қалай дайындаласыздар?
- Бүгін тағы қуана тұрамыз, ал ертең болды, жаңа күн. Бұл ойынды ұмытамыз да, әрі қарай «алтынға» аттанамыз.
- Үздік ойыншы атандың, бұған не дейсің?
- Таңдағандарына рақмет, бәрі үздік ойыншы!
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ