Роман Старченко 40 жаста! ҚХФ ұлттық команда капитанын құттықтады
Роман Старченко 40 жаста! ҚХФ ұлттық команда капитанын құттықтады
12 мая 2026
Роман Старченко 40 жаста! ҚХФ ұлттық команда капитанын құттықтады
Бүгін 12 мамыр күні Қазақстан ұлттық командасының капитаны, ең тәжірибелі ойыншы, рекордсмен Роман Старченко 40 жасқа толды.
Бүгін даңқты хоккейшімізді 40 жас мерейтойымен Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мен Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин, сондай-ақ Қазақстан хоккей федерациясы мен «Барыс» ХК басшылығы құттықтады.
Ересектер деңгейіндегі ел құрамасы сапында Роман 2006 жылғы хоккейден әлем чемпионаты барысында дебют жасап, онда 3 матч өткізіп, екі шайба соқты. 2024 жылғы хоккейден әлем чемпионаты кезінде ол Халықаралық хоккей федерациясының ресми турнирлеріндегі 100 ойын межесін бағындырды, ал бүгінгі таңда бұл көрсеткіш 115-ке жетті.
Бұл статистикаға әлем чемпионаттарының элиталық және бірінші дивизиондарындағы, сондай-ақ Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңдеріндегі матчтар енген. Жалпы, Азия ойындарын қоса есептегенде, Роман 127 матч өткізді. Өз мансап жолында 78 ойын өткізген Александр Корешковтың рекордын Старченко 2021 жылдың өзінде-ақ жаңартқан болатын.
Сондай-ақ Роман Старченко ұлттық құрама тарихындағы ең үздік бомбардирлік рекордтың иесі – 127 матчта ол 121 (70+51) ұпай жинады. Бұған дейінгі рекорд 83 балмен Александр Корешковтың еншісінде болған.
2006 жылдан бергі мансабында Роман 18 әлем чемпионатына, Азия ойындарының екі хоккей турниріне және Олимпиада алдындағы бес іріктеу турниріне қатысты.