Роман Старченко: «Қорғаныста мығым ойнадық, қақпашы көмектесті»
Хоккейден әлем чемпионатындағы алғашқы матчында Қазақстан құрамасы Латвия командасын жеңді. Роман Старченко қарсылас үшін күтпеген шешім қабылдап, Александр Шинға нәтижелі пас берді. Ойыннан кейін Қазақстан құрамасының капитаны баспасөз мәжілісі аясында тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
- Ойынға шыққанда қарсыластың кеше ауыр матч өткізгенін білдік. Олар бір күн бұрын көп күш жоғалтты, сондықтан біз оларға мұрша берместен белсенді ойнауға тырыстық. Қорғаныста мығым ойнадық, қақпашы көмектесті және ойынды жеңіске жеткіздік.
- Алаң ҚХЛ-дан ауқымы бойынша ерекшеленеді, бұл қаншалықты әсер етті?
- Иә, сәл басқаша болды, соңғы үш маусымда біз канадалық және финляндиялық алаңдарда ойнап келеміз. Ал мұнда алаң кеңдеу. Дәл сол, тек көбірек жүгіруге тура келеді. Алайда біз мұнда 10 күндей жаттығып жүргендіктен үйренісіп үлгердік.
- Ортада, өзіңіз үшін үйренбеген орыннан ойнадыңыз? Қандай әсердесіз?
- Жиын басталғалы бері мені ортаға қойды, бұрын ортада ойнап көргенмен, алайда соңғы 10 жыл қапталдан ойнап жүргем. Қазір қандай да бір сәттерді еске түсіріп жатырмын, жігіттер кімді ұстау, қайда жүгіру керектігін айтып жатыр. Әрі қарай барлығы түсінікті болады.
- Канаданы жеңгеннен кейін Латвия қаншалықты ауыр көрінді? Бапкерлер ойын барысында қандай сәттерге мән беруді өтінді?
- Басты мәселе – бұл белсенді ойнау, кез келген сәтте тықсырту. Кеше олар көп күш жоғалтты. Меніңше, бүгін біз әлдеқайда сергек болдық, бұл өз септігін тигізді.
- Александр Шинмен қарым-қатынас жайлы айтып беріңізші. Егер Рымаревпен әлем чемпионаттарында ойнап жүрсеңіз, Шин соңғы рет 2016 жылы ойнады.
- Біз кімнің қалай ойнайтынын талқыладық. Женя мен Саша бұрыннан ойнап жүр, мен бар болғаны оларды толықтырамын. Ал былай не істеу керектігін білеміз, сөйлесіп, келісіп, ойнаймыз.
- Сіздер бүгін Латвияны жеңдіңіздер, ертең Финляндиямен күндізгі матч күтіп тұр. Финдардың демалыс уақыты көптігін ескерсек, сіздерге қалыпқа келу қаншалықты қиын болады?
- Бір түн демаламыз. Қалай қалыпқа келетінімізді білмеймін, ертеңгі ойын сағат төртте, уақытымыз бар. Қаншалықты қалыпқа келетінімізді ойын көрсетеді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ