logo
21 мая 2024
Роман Старченко IIHF турнирлерінде Қазақстан құрамасы үшін 100 матч өткізді

Әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі Польша командасына қарсы матч Роман Старченконың IIHF ресми турнирлерінде Қазақстан құрамасы үшін ойнаған жүзінші матсы болды. Статистикаға әлем чемпионатының ересектер деңгейіндегі матчтары, оның ішінде бірінші дивизион, сонымен қатар олимпиада алдындағы біліктілік турнирлерінің матчтары енді.

100 матч ішінде капитан 48 шайба салып, 33 нәтижелі пас берді. Осылайша жалпы саны 81 балл жинады.

Ал тұтас мансап жолында ойыншы Азиа ойындары мен жасөспірімдер және жастар деңгейіндегі әлем чемпионаттарын қосқанда, 119 ойын өткізді. Бұл матчтарда ол 111 ұпай жинады.

ҚХФ бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

ҚХФ серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры


БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ