logo
7 февраля 2024
«Родина» – ауыл командалары арасындағы SAMRUK BALA CUP турнирінің жеңімпазы

Астанада ел тарихындағы алғашқы ауылдық балалар-жасөспірімдер командалары арасындағы SAMRUK BALA CUP республикалық турнирі аяқталды. Жарыстар cross-ice форматында: алаңның жартысында өтті. Ауылдық елдімекендерден 10-14 жастағы 300-ден астам бала үш күн бойы турнир жүлделері үшін тартысты. Жартылай финалға төрт команда шықты. Нәтижесінде «алтынды» 3:1 есебімен Шығыс Қазақстан облысы, Алтай аудынан келген «Алтай» командасын жеңген Ақмола облысының «Родина» ауылының аттас командасы жеңіп алды. Ал «күміс» шығыстықтарға бұйырды. Үшінші орын үшін матчта Павлодар облысы Тереңкөл ауданының «Юность» командасының хоккейшілері жеңіске жетті: 4:0 есебімен олар жүлделі орынды Абай облысы, Жарма ауданы, Бақыршық ауылының «Батыр-Бақыршық» ұжымынан жұлып әкетті.

Турнирдің барлық қатысушылары естелік медальдармен марапатталды. Сондай-ақ үздік шабуылшы, қақпашы және қорғаушы аталымдарында турнирдің үздік ойыншылары таңдалды. Мұнан басқа, әрбір командаға ҚХФ серіктесі – Bauer хоккей брендінен жабдықтар сатып алуға сертификаттар табысталды.

Марапаттау аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар Құрлықтық хоккей лигасының «Барыс» - «Амур» матчына барды.

Матчтардың нәтижелерімен және толығырақ ақпаратпен турнир сайтында altyn-shaibaly.kz таныса аласыздар.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ