Қазақстанның хоккей федерациясы мен Red Bull компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа қол қою 6 және 9 қараша аралығында Алматыда алғаш өткен хоккейден Азия чемпионаты кезінде болып өтті.
Red Bull бүкіл әлем бойынша спорт саласына белсенді түрде қолдау көрсетіп келе жатыр. Енді бренд айрықша мән беруге дайын бағыттар қатарына қазақстандық хоккей де енді.
Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры Глеб Каратаев айтып өткендей:
«Red Bull-мен серіктестік — бұл жай ғана серіктестік емес, бұл қазақстандық хоккей үшін жаңа белестерге шығу мүмкіндігі. Біз батыл жобаларды жүзеге асырып, жанкүйерлерімізді таңғалдыруға және бірлесіп спортшылардың даярлығын жаңа деңгейге көтеруге дайынбыз».
Red Bull Қазақстанның спорт маркетингі жөніндегі менеджері:
«Біз спорт – күш-жігердің көзі және жаңа биіктерге деген ұмтылыс екеніне сенімдіміз. Қазақстандық хоккей қарқын алып келе жатыр және біз оның дамуына қуана қолдау көрсетеміз. Алда бізді жарқын жайттар, жаңа рекордтар және ұмытылмас эмоциялар күтіп тұр», - деді.
Келісім ойыншыларды да, жанкүйерлерді де бей-жай қалдырмайтын жаңа бастамаларға жол ашады. Red Bull Қазақстандық хоккейге жаңа серпіліс беруге дайын.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ