Словениядағы оқу-жаттығу жиынына шақырылған Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі

Күні ертең Қазақстанның жастар құрамасы хоккейден жастар әлем чемпионатына дайындықты жалғастыру үшін Словенияға аттанады. 2 және 4 желтоқсанда Антон Васиннің шәкірттері Норвегия және Словения құрамаларына қарсы екі жолдастық матч өткізеді. ОЖЖ-ның осы қорытынды кезеңіне кеңейтілген құрам – 25 хоккейші барады. Ал соңғы өтінімге 23 ойыншы — 20 алаң ойыншысы мен үш қақпашы енеді.
Словенияға аттанатын кеңейтілген құрам:
Қақпашылар: Тәңірхан Алпысбаев («Wind City / Tri City Storm», AAA), Дәулет Қуат, Дмитрий Ряшин (екеуі де – «Снежные Барсы»);
Қорғаушылар: Дамир Бритиков, Нурислам Зияш, Санжар Ибрагим, Мстислав Шипилин (барлығы – «Снежные Барсы»), Мажит Имашев («Elite Hockey Academy»), Александр Макаров, Руслан Түсіпбеков, Игнат Шевченко (барлығы – «Номад»), Дмитрий Рязанов («Горняк»);
Шабуылшылар: Абзал Әлібек («Philadelphia Rebels», NAHL), Виталий Божко, Тимофей Симонов (екеуі де – «Сарыарқа»), Роман Двуреченский, Карим Кажибеков, Александр Перкин, Александр Симахин («Снежные Барсы»), Корней Корнеев («Victoriaville Tigres», QMJHL), Тимур Миндубаев («Номад»), Әлішер Сәркенов («Prince Albert Raiders», WHL), Асанәлі Сәркенов («Spokane Chiefs», WHL), Матвей Умеренков («Ладья», ЖХЛ), Семен Черкасов («Красноярские Рыси», ЖХЛ).
Бапкерлер штабы:
Бас бапкер – Антон Васин
Бапкер – Ринат Омарбеков
Қақпашылар бапкері – Алексей Плотников
Видео-бапкер – Виктор Терехов
ЖДД бапкері – Андрей Кисель
Бас менеджер – Александр Корешков
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ