logo
25 апреля 2024
Қазақстан ұлттық құрамасының кеңейтілген құрамы
Астанада Чехиядағы әлем чемпионатына дайындық аясында хоккейден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиындары жалғасып жатыр. Дайындық барысында біздің хоккейшілер Астанадағы 1XBET Qazaqstan Hockey Open үй турнирінде Ресей және Беларусьпен матчтар өткізіп, Чехияда Ұлыбритания командасымен жолдастық кездесу өткізеді. Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамы ұсынылды, өтінімге 38 хоккейші – 4 қақпашы мен 34 алаң ойыншысы кірді:
Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Амирбеков («Номад», Астана), Никита Бояркин, Андрей Шутов (екеуі де – «Барыс», Астана), Сергей Кудрявцев («Арлан», Көкшетау)
Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров (барлығы – «Барыс», Астана), Данил Бутенко, Мади Диханбек, Кирилл Никитин, Хақназар Кеңесбай, Артем Королев (барлығы – «Номад», Астана), Дмитрий Бреус («Чайка», Нижний Новгород), Леонид Метальников («Адмирал», Владивосток), Валерий Орехов («Металлург», Маагнитогорск), Кирилл Полохов («Арлан», Көкшетау)
Шабуылшылар: Станислав Александров, Олег Бойко, Абай Маңғысбаев, Николай Шульга (барлығы – «Номад», Астана), Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Батырлан Мұратов, Максим Мусоров, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Михаил Рахманов, Евгений Рымарев, Кирилл Савицкий, Аркадий Шестаков, Роман Старченко, Александр Борисевич, Аңсар Шайхмедденов (все «Барыс»), Дмитрий Гренц, Артем Лихотников (екеуі де – «Арлан», Көкшетау), Никита Михайлис, Максим Мухаметов (екеуі де – «Металлург», Магнитогорск), Кирилл Панюков («Амур», Хабаровск)
Бапкерлер штабы:
Бас бапкер – Ғалым Мәмбеталиев
Бапкерлер: Александр Высоцкий, Ерлан Сағымбаев, Александр Березенский, Александр Шимин
Әлем чемпионатының қорытынды құрамына 25 хоккейші – 3 қақпашы мен 22 алаң ойыншы кіреді.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ