logo
4 января 2024
Қазақстан құрамасының жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарындағы кестесі

2024 жылдың 19 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиада ойындары өтеді. 3х3 хоккей турниріне Қазақстан құрамасы қатысады. Бас бапкер – Рамазан Кайдаров. Біздің команда Польша, Австрия, Тайпей, Латвия, Дания, Испания және Ұлыбритания командаларымен медаль үшін таласады. Командалар айналымдық жүйемен ойнайды, біріншіден төртіншіге дейін орын алғандар плей-оффқа өтіп, онда турнир медальдары үшін тартысқа түседі.

Қазақстан құрамасы матчтарының кестесі:
2024 жылдың 20 қаңтары, 09:00 – Польша – Қазақстан
2024 жылдың 21 қаңтары, 07:30 – Қазақстан – Австрия
2024 жылдың 21 қаңтары, 14:30 – Латвия – Қазақстан
2024 жылдың 22 қаңтары, 06:00 – Қазақстан – Дания
2024 жылдың 22 қаңтары, 13:00 – Тайпей – Қазақстан
2024 жылдың 23 қаңтары, 07:30 – Испания – Қазақстан
2024 жылдың 23 қаңтары, 14:30 – Қазақстан – Ұлыбритания
2024 жылдың 24 қаңтары, 09:00 – 1-жартылай финал
2024 жылдың 24 қаңтары, 10:30 – 2-жартылай финал
2024 жылдың 25 қаңтары, 09:00 – 3-орын үшін матч
2024 жылдың 25 қаңтары, 11:00 - Финал
Канвон-2024 – Азия континентінде өтетін алғашқы қысқы жасөспірімдер олимпиада ойындары

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ