logo
4 января 2024
Юниор қыздар құрамасының әлем чемпионатындағы матчтарының кестесі

15 және 21 қаңтар аралығында Нидерландының Амстердамында ІІА дивизионындағы хоккейден юниор қыздар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы жоғарырақ дивизионға жолдама алу үшін Ұлыбритания, Түркия, Латвия, Қытай және Нидерланд командаларымен тартысқа түседі.

Назарларыңызға Қазақстан құрамасы матчтарының кестесін ұсынамыз:
15 қаңтар, 21:30 – Қазақстан – Ұлыбритания
16 қаңтар, 18:00 – Түркия – Қазақстан
18 қаңтар, 21:30 – Латвия – Қазақстан
21 қаңтар, 01:00 – Қазақстан – Қытай
21 қаңтар, 21:30 – Нидерланд – Қазақстан

*Астана уақыты көрсетілген

Еске сала кетейік, бір жыл бұрын біздің юниор қыздар ІІВ дивизионында алтын жеңіп алып, А тобына көтерілді.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ