logo
20 февраля 2024
Қазақстан жасөспірімдер құрамасының әлем чемпионатындағы матчтарының кестесі

2024 жылдың 25 сәуірі мен 5 мамыры аралығында Финляндияда шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан құрамасы элиталық дивизионда 2003 жылдан бері алғаш рет өнер көрсетпекші. Бір жыл бұрын біздің жасөспірімдер бірінші дивизиондағы турнирде жеңімпаз атанып, жолдамаға ие болды. Алдағы 2024 жылғы әлем чемпионатының қатысушылары екі топқа бөлінген. Қазақстан құрамасы «В» тобында ойнайды, матчтар Вантаа қаласында өтеді. Біздің құрамаға қарсы Швейцария, Чехия, Швеция және Канада командалары ойнайды. Топтық раундтың қорытындысы бойынша әрбір топтан 4 командадан плей-оффқа шығып, соңғы бесінші орынды иеленген командалар өзара топ-дивизиондағы орнын сақтау үшін бір матч ойнайды.

Қазақстан құрамасы матчтарының кестесі:

2024 жылдың 26 сәуірі, 18:00 – Швейцария – Қазақстан

2024 жылдың 27 сәуірі, 18:00 – Қазақстан – Швеция

2024 жылдың 29 сәуірі, 18:00 – Чехия – Казахстан

2024 жылдың 30 сәуірі, 22:00 – Қазақстан – Канада

Дивизиондағы орынды сақтайтын матчтар, сондай-ақ ширек финалдар – 2 мамырда, жартылай финалдар – 4 мамырда, финал мен үшінші орынды анықтайтын матч 5 мамырда өтеді.

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ