logo
29 ноября 2024
Қазақстан қыздар құрамасының олимпиадалық біліктілік матчтарының кестесі

2024 жылғы 12 және 15 желтоқсан аралығында Қазақстан қыздар құрамасы 2026 жылғы Олимпиада ойындары біліктілігінің финалдық раундына жолдама алу үшін тартысады. Біздің хоккейшілер ойыншы үшінші кезеңнен D тобында бастайды. 5 желтоқсан күні команда Австрияға аттанып, Берг қаласында алты күндік жиын өтеді. 11 желтоқсан күні ойыншылар Словакияның Пьештяни қаласына жетіп, онда біліктілік турнирі өтеді. Біздің қыздарға қарсы Словакия, Исландия және Словения құрамалары ойнайды.

Қазақстан қызддар құрамасы матчтарының кестесі:

2024 жылғы 12 желтоқсан, 22:00 – Словакия – Қазақстан

2024 жылғы 13 желтоқсан, 18:00 – Словения – Қазақстан

2024 жылғы 15 желтоқсан, 18:00 – Қазақстан – Исландия

Біліктіліктің финалдық раундына үшінші кезеңнің турнир кестесінде бірінші орын алған бір ғана команда шығады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ