logo
12 января 2026
2026 жылғы Құрлықтық кубок кестесі
Өскеменнің «Торпедо» командасы Құрлықтық кубокта өнер көрсетеді. Турнир 14 желтоқсанда Ұлыбританияның Ноттингем қаласында басталады. Матчтар екі топта өтеді, онда қарсыластар айналымдық жүйе бойынша бір-бірімен ойнайды. Қазақстандық команданың топтағы қарсыластары француздың «Анже Дакс» және даниялық «Хернинг Блю Фокс» клубтары болады. Екінші топта турнир иелері – «Ноттингем Пантерс», Польшаның ГКС Катовице және Латвияның «Мого» командалары кездеседі. Топ жеңімпаздары финалдық кезеңде «алтын» жүлде үшін ойнайды, екінші орын алғандар «қола» үшін, ал топтық кезеңді үшінші орынмен аяқтаған командалар 5-орын үшін матч өткізеді.

«Торпедо» матчтарының кестесі:
15 қаңтар, 19:30 – «Хернинг Блю Фокс» - «Торпедо»
16 қаңтар, 19:30 – «Торпедо» - «Анже Дакс»
Финалдық раунд:
17 қаңтар, 16:00 –5-орынды анықтайтын матч
17 қаңтар, 20:00 – Үшінші орынды анықтайтын матч
18 қаңтар, 00:00 (қаңтардың 17-сінен 18-іне қараған түні) – Финал
*Қазақстандық уақыт бойынша
Еске сала кетейік, өткен маусымдағы Құрлықтық кубоктің финалдық кезеңіне қатысудан сол кездегі чемпион – «Арлан» бас тартуына байланысты Халықаралық хоккей федерациясы Көкшетау клубын турнирге қатысудан шеттету туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты күміс жүлде иегерлері атанған «Торпедо» хоккейшілері турнирге қатысады. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ