logo
24 января 2023
Федерация Кубогінің ІІІ турының кестесі

Қазақстан балалар-жасөспірімдер командалары арасындағы Федерация Кубогінің үшінші турының матчтары басталды. Назарларыңызға тур кестесін ұсынамыз:

24 қаңтар күні Шымкентте U-12 – 2010 ж.т. жасөспірімдер арасында жарыстар басталды. Тур 27 қаңтарға дейін жалғасады. 8 команда қатысады: «Динамо-Алматы», «Алма-Ата-1», №3 «Горняк» БЖСМ, «Тұран», «Құлагер», №10 БЖСМ, «Рахимжан», «Алма-Ата-2».

5 және 9 ақпан аралығында Павлодарда U-15 – 2007 ж.т. жас санаты өнер көрсетеді. Турнир кестесіндегі орындар үшін «ПСО», «Ertis», №3 «Горняк» БЖСМ, «Құлагер-СКОСШИКОР», №10 БЖСМ тартысады.

6 және 10 ақпан аралығында Өскеменде U-11 – 2011 ж.т. жасөспірімдер арасындағы тур өтеді. 10 ұжым өнер көрсетеді: «ПСО-1», «Барыс», №10-2 БЖСМ, №3 «Горняк» БЖСМ, №10-1 БЖСМ, «Торпедо», «Номад», «Арлан», «ПСО-2», «Ақтөбе».

10 және 16 ақпан аралығында Петропавлда U-14 – 2008 ж.т. жас санатының матчтары өтеді. Ойнайтын командалар: «Құлагер», «Торнадо», №10 БЖСМ, «Ақтөбе», «Бейбарыс», «Қайсар», «Tashkent Selects», «Стрижи».

5 және 11 наурыз аралығында Павлодарда U-13 – 2009 ж.т. санат командалары ойнайды. Қатысушылар: «Тұран», «Молния», «Құлагер», №10 БЖСМ, «Ястребы» Сәтбаев қ., «Рахимжан», №3 «Горняк» БЖСМ, «Алға» (Қырғызстан).

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ