logo
20 января 2023
ҚРЧ ІІІ турының кестесі – «Мықтылар»

Қазақстан чемпионаты үшінші турының матчтары басталды. Турдың қатысушылары құрамына екі турдың қорытындысы бойынша төрт жас санаты – U-13,14,15,16 бойынша құрама командалар енді.

Қарағандыда бірінші болып U-15 жас санаты (2007 ж.т.) арасындағы жарыстар басталды. Матчтар 26 қаңтарға дейін жалғасады. «Барыс», «Торпедо», «Юность», №10 МБЖСМ (Астана), «Номад», СКА-Алматы Жас және 2008 құрамасы (Барыс) қатысады.

3 және 9 ақпан аралығында Астанадағы «Барыс» СК-да U-14 жас санатының жасөспірімдері (2008 ж.т.) арасындағы матчтар өтеді. «Барыс», №10 МБЖСМ, «Номад», «Юность», «Торпедо», «Ertis», 2008 құрамасы (Юность-1/Торпедо) командалары ойнайды.

5 және 8 ақпан аралығында Қарағандыда турнир кестесіндегі орындар үшін 2010 ж.т. жасөспірімдер – U-12 тартысады. 8 команда қатысады: «Торпедо», «Барыс-1», №10 МБЖСМ, «Барыс-2», «Барыс-3», «Юность», «СКА-Стрижи», «Юность-Металлург».

20 және 24 ақпан аралығында Өскеменде ең кіші жас санаты U-11 (2011 ж.т.) командалары өнер көрсетеді. Турға 10 ұжым: «Барыс-1», «Торпедо», №10 МБЖСМ, «Барыс-2», СКА-Динамо Алматы, «Юность», «Скиф», №10-2 МБЖСМ, «Юность-2», «Ertis».

21 ақпан мен 1 наурыз аралығында Астанада «Номад» U-13, 2009 ж.т. матчтарын қабылдайды. Бұл топта 10 команда ойнайды: «Юность-1», «Торпедо», «Барыс», «СКА-Стрижи», «Номад», №10 МБЖСМ, «Юность-2», «Ertis», ПСО, 2010 құрамасы (Торпедо).

10 және 14 наурыз аралығында Астанадағы «Барыс» СК-да 6 команда U-16, 2007 ж.т. санатындағы турнир кестесінің орындары үшін бәсекелеседі. Олар: «Юность», №10-1 МБЖСМ, №10-2 МБЖСМ, «Ertis», Tashkent Selects, 2007 құрамасы (Барыс).

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ