logo
23 ноября 2022
Федерация Кубогінің ІІ турының кестесі

2022-2023 жылғы маусымдағы жасөспірім командалары арасындағы «Федерация кубогі» республикалық турнирінің екінші турының кестесі жарияланды.

2007 ж.т. жасөспірімдер арасындағы U-15 жас тобының жарыстары 20 қарашада Петропавлда басталып, 24 қараша аяқталады. Бес ұжым қатысады: ПСО, «Ertis», №10 МБЖСМ, №3 «Горняк» БЖСМ және «Құлагер-СКОСШИКОР».

Келесі болып U-14 командалары 1-7 желтоқсан аралығында Ақтөбеде өнер көрсетеді. Қатысушылар: «Торнадо», №10 МБЖСМ, «Құлагер», «Ақтөбе», «Бейбарыс», «Қайсар», «Стрижи» және «Tashkent Selects» (Өзбекстан).

2009 ж.т. жасөспірімдер – U-13 турнир кестесіндегі орындар үшін Павлодарда 22-28 желтоқсан аралығында тартысады. Келесі командалар ойнайды: «Молния», №10 МБЖСМ, «Құлагер-СКОСШИКОР», «Тұран», «Ястребы» (Сатпаев қ.), №3 «Горняк» БЖСМ, «Рахимжан», «Алга» (Қырғызстан).

U-12 жас санатының жарыстары екі топта өтеді. А тобы Алматыда ойнайды, келесі командалар ұсынылды: «Динамо-Алматы», «Туран», №3 «Горняк» БЖСМ, «Алма-Ата-1», «Құлагер», №10 МБЖСМ, «Рахимжан», «Алма-Ата-2».

В тобында 2010 ж.т. жасөспірімдер Өскеменде 24-28 желтоқсан аралығында ойнайды. Қатысушылар: «Молния», «Ақтөбе», «Бригантина», «Ertis», «Спартак», «Бейбарыс», «Бинокор», «Семург», «Стрижи».

2011 ж.т. хоккейшілер арасындағы жарыстар (U-11) Астанада 23-27 желтоқсан аралығында өтеді, туды «Номад» қабылдайды. Қатысушылар: ПСО-1, «Барыс», №10-1 МБЖСМ, №3 «Горняк» БЖСМ, №10-2 МБЖСМ, «Торпедо», «Номад», ПСО-2, «Ақтөбе», «Арлан».

Матч нәтижелерімен және турнир кестесімен толығырақ сайтымыздың Балалар хоккейі бөлімінде танысуға болады.

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ