logo
11 августа 2023
QHF мен 1xBet серіктес атанды

Қазақстанның хоккей федерациясы (QHF) мен 1xBet халықаралық букмекерлік компаниясы үш маусымға серіктестік келісім жасасты. 11 тамыздан бастап, 1xBet қазақстандық хоккей лигаларының бас демеушісі атанып, Федерацияның ресми беттинг-серіктесі дәрежесін иемденді.

QHF бас директоры Глеб Каратаев:
- Біз әлемнің жетекші беттингтік компанияларының бірімен серіктестік орнатқанымызды қуана хабарлаймыз. 1xBet-пен келісім Қазақстанда кәсіби хоккеймен қоса, әуесқой хоккейді де жан-жақты дамытуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ біздің серіктестігіміз хоккейді насихаттау үшін заманауи құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді.

«1XBET Kazakhstan» компаниясының маркетинг бойынша директоры Юрий Матиюн:
- 1XBET үшін мұндай үлкен әрі тату спорт қауымдастығының бір бөлігіне айналу зор мәртебе. Биыл біз үлкен хоккейге ораламыз және 1XBET Qazaqstan Hokei Open турнирін өткізіп, Алматы хоккей лигасы финалының демеушісі атанып үлгердік. Алдағы серіктестігіміз бүкіл елдегі хоккейсүйер қауымға мұз аренасында да, одан тыс та қайталанбас эмоциялар сыйлайтынына сенімдімін. Өз хоккейіміз бен елімізге сенім артамыз!

Келісім чемпионаттар атауын 1ХBET PRO/JASTAR/QYZDAR/TUNGI Ligasy етіп өзгертуді, сондай-ақ титулдық серіктестің логотипі мен аудентикасын Чемпионатқа қатысушы клубтардың графикасы мен трансляциясына біріктіруді көздейді. Спорт саласындағы ойын-сауық іс-шараларына ерекше назар аударылды. Бірлескен жоспарларда әртүрлі өңірлерде тақырыптық матчтар өткізу, кәдесый және фирмалық атрибуттар шығару, сондай-ақ Pro hokei Ligasy маусымының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімін ұйымдастыру бар.

QHF-пен серіктестік 1xBet үшін жаһандық спортты қолдау стратегиясының бір бөлігі. 1xBet-тің ресми серіктестері қатарында Барселона, ПСЖ, Лилль, Ла Лига, А сериясы және басқа да әлемге белгілі спорттық брендтер мен ұйымдар бар.

1xBet өкілдері жанкүйерлер QHF матчтарына ең жоғары коэффициенттермен бәс тіге алады деп сендірді. Сондай-ақ фанаттарды “QHF-ке” орайластырылған арнайы акциялар мен промобелсенділіктер күтіп тұр. 

1xBet компаниясы туралы

1xBet — беттинг индустриясында 15 жылдан астам тәжірибесі бар дүниежүзіне танымал букмекерлік компания. Бренд клиенттері 60-тан астам спорт түрі бойынша мыңдаған оқиғаларға бәс тіге алады, ал компанияның веб-сайты мен қосымшасы 60-тан астам тілде қолжетімді. Компания бірнеше мәрте беделді кәсіби сыйлықтардың номинанты мен иегері атанды, олардың арасынан IGA, SBC, G2E Asia және EGR Nordics Awards-ты атауға болады.

    

 

БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ