logo
23 февраля 2026
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Astana Team командасын халықаралық турнирдегі жеңісімен құттықтады
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Канаданың Квебек қаласында өткен халықаралық Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament турнирінде жеңіске жеткен Astana Team балалар хоккей командасын құттықтады. Бұл туралы өзінің Telegram-арнасында ҚР Президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров хабарлады. Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстан клубының сенсациялық жетістігі отандық спорт тарихындағы айтулы оқиға болғанын атап өтті. БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ