logo
16 сентября 2022
ИИХФ президенті Люк Тардиф хоккейден Қазақстан чемпионаты матчына қатысты
Бүгін Халықаралық мұздағы хоккей федерациясының (ИИХФ) президенті Люк Тардиф хоккейден Қазақстан чемпионаты – Pro Hokei Ligasy-ның «Снежные Барсы» және «Арлан» командалары арасындағы матчын тамашалады. ИИХФ басшысы салтанатты түрде шайба тастады.
«Барыс-Аренаны» аралаған Люк Тардиф кешеннің инфрақұрылымен танысты, сонымен қатар Қазақстан хоккей федерациясының президенті Асқар Маминмен кездесу өткізіп, онда Қазақстанда хоккейді дамыту мәселелері талқыланды.
Арена 2027 жылғы әлем чемпионатын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі өтінімді дайындау аясында ИИХФ басшылығының жоғары бағасын алды.
БАСТЫ БЕТКЕ ОРАЛУ